Бұл өзгерістер мемлекет дамуының жаңа кезеңіне жол ашып, қоғамның сұранысына сай басқару үлгісін қалыптастыруды көздейді. Қазіргі заманда кез келген мемлекет уақыт талабына сай жаңарып отырмаса, даму қарқынын бәсеңдетіп алуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, Конституцияға енгізілген өзгерістер – болашаққа бағытталған батыл әрі стратегиялық шешім.Реформа аясында билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік күшейтіліп, Парламенттің рөлі айтарлықтай артты. Бұл – заң шығару органының ықпалын күшейтіп, халықтың еркін білдіретін институттың беделін көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, саяси жүйедегі жаңашылдықтар бәсекелестікті арттырып, азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуына жол ашады. Мұның барлығы демократиялық қағидаттардың нығаюына оң әсер етеді.Ең бастысы, реформа адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтерді. Конституциялық соттың құрылуы – құқықтық мемлекеттің айқын көрінісі. Енді әр азамат өзінің конституциялық құқығы бұзылған жағдайда тікелей жүгіну мүмкіндігіне ие. Бұл – заң үстемдігін қамтамасыз ететін маңызды қадам. Мен бұл реформаны еліміздің тұрақтылығы мен бірлігін сақтай отырып, әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған дұрыс әрі қажетті шешім деп бағалаймын.
Қаптағаев Айыпжан Есқожаұлы
Райымбек аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы

