2026 жылғы 22 қыркүйек күні облыс әкімінің орынбасары Ғ. А. Майлыбаевтың төрағалығымен Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына комиссия мүшелері, тиісті басқарма басшылары мен орынбасарлары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, Отбасын қолдау орталықтарының директорлары қатысты. Күн тәртібінде Репродуктивті денсаулықты нығайту және ана мен баланы қорғау, Отбасын қолдау орталықтарының қызметінің нәтижелілігі, сондай-ақ әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі рөлін арттыру мәселелері қаралды.
Азаматтардың репродуктивті денсаулығын нығайту және ана мен баланың денсаулығын қорғау мәселесі бойыншаДенсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Л. П. Серікбаева облыста жүргізілген жұмыстарға тоқталып, «Аңсаған сәби», «Ана саулығы» мемлекеттік бағдарламалары бойынша атқарылған іс-шараларды баяндады. Репродуктивті денсаулық мәселесін талқылау кезінде жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, қауіп факторлары бар әйелдерді жүктілікке дейінгі дайындықпен қамту және «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша квоталарды тиімді пайдалану мәселелеріне назар аударылды. Комиссия төрағасы Ғ. А. Майлыбаев әр аудан мен қала бойынша «Ана мен бала қауіпсіздігі картасын» енгізу, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің себептерін аудан және қала бөлінісінде талдау, квоталардың толық игерілмеу себептерін анықтауды тапсырды.
Екінші мәселе бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А. Н. Ваисов Отбасын қолдау орталықтарының қызметінің тиімділігі мен халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің нәтижесін баяндады: «Отбасын қолдау орталықтары мен әлеуметтік мекемелерге жыл басынан бері 8306 азамат жүгінген.Есепті кезеңде 264 отбасы өмірлік қиын жағдайдан шығарылған. 63 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы тұрақты жұмысқа орналастырылса, 47 азаматтың жоғалған жеке басын куәландыратын құжаттары қалпына келтірілген»
Комиссия төрағасы әр аудан және қалада әлеуметтік тәуекел тобындағы отбасылар бойынша «Бір отбасы – бір жоспар – бір жауапты маман» ведомствоаралық жұмыс алгоритмін бекіту, мобильді кабинеттердің шалғай аудандарды камту, отбасын қолдау орталықтары қызметін бағалаудың көрсеткіштерін қалыптастыруды тапсырды.
Әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге қатысуы, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және олардың шешім қабылдау процестеріндегі рөлін арттыру мәселелері бойынша Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Е. С. Сарабеков және Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ы. Е. Амалбек ауданда жүргізілген жұмыстар мен, атқарылған іс-шараларға тоқталды.
Комиссия төрағасы Ғ. Майлыбаев осы аудандардың оң тәжірибесін зерделеп, облыс көлемінде таратуға арналған практикалық кейстер жинағын дайындау туралы тапсырма берді.
Сонымен бірге комиссия отырысындаәйелдердің қоғамдық ұйымдарға, қоғамдық кеңестерге және шешім қабылдау процестеріне қатысу үлесін арттыру қажеттігі айтылды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты хаттамалық тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылау комиссия мүшелері мен хатшысына жүктелді.

