1.7 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпаратАдал еңбектің абыз анасы

Адал еңбектің абыз анасы

Ауданымыздағы өмір жолы өнегеге, еңбегі ерен істерге толы тұлғалардың бірі – Күлдария Алтынбекова. К. Алтынбекова 1950 жылы 29 желтоқсанда Сүмбе ауылында дүниеге келген. Балалық шағынан-ақ еңбекқорлық пен жауапкершілікті бойына сіңіріп өскен Күлдария апай мектеп қабырғасынан үздік оқушылар қатарында болып, кейіннен ел игілігі жолында қажырлы еңбек еткен жандардың бірі болды.

Еңбек жолын қатардағы тракторшы болудан бастаған Күлдария Алтынбекова ауыл шаруашылығы саласында абыроймен еңбек етіп, әділдігімен, табандылығымен ел құрметіне бөленді. Ол 1975 жылы Нарынқол аудандық кеңесінің депутаты болып сайланып, қоғамдық істерге де белсене араласты. Көпжылдық адал еңбегі үшін түрлі марапаттарға ие болды. Маңдай терін төгіп жүріп істеген еңбегіне «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі, «Еңбек Қызыл Ту» ордені, ВДНХ-ның «Алтын» медалі, «Райымбек ауданының Құрметті азаматы» атағы және тағы басқа көптеген марапаттар берілді.

Өмірін адал еңбекке арнаған еңбек майталманы ер-азаматқа лайық ауыр еңбекті абыроймен атқарып, ұрпағына еңбекқорлық пен адалдықтың үлгісін көрсетті.

«ХАНТӘҢІРІ»

Жаңалықтар