1.4 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпаратАтом электр станциясын салу жайында арнайы сарапшылар мен мамандар пікірі

Атом электр станциясын салу жайында арнайы сарапшылар мен мамандар пікірі

Әрине, біздер жалпылама ақпараттар ұсына алғанымызбен, осы саланың арнайы мамандары секілді нақты әрі тың ақпараттарды ұсына алмасымыз анық, олай болса, арнайы сарапшылар пікірлеріне тоқталсақ Бір қызығы, жекелеген энергетик мамандар Қазақстанда АЭС салу тиімсіз екенін айтуда. Бірақ, атом энергетикасының әлемде қымбаттап бара жатқаны да бар. Бұл, атом электр станциясының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмсалған ресурсқа байланысты. Демек, АЭС тұрақты энергия көздерін беріп отыратын бірден-бір жоба екені шүбәсіз. Сонымен қатар, мамандар, елімізде 2035 жылға қарай электр энергиясы тапшылығы 30 пайызға артатынын болжауда. Мамандардың пікірінше, АЭС электр энергиясының жетіспеушілігі мәселесін шешуге көмектеседі. 2028 жылға қарай тек оңтүстік аймақта тапшылық 1000 Мегаваттан асады. Еліміздің ядролық-отын кешені жеткілікті дамыған, ал мамандарда тапшылық жоқ, дейді сарапшы, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас менеджері Әсет Махамбетов. Ядролық-энергетикалық технологиялардың ағымдағы нарығына көз жүгіртсек, реакторларды жеткізушілер өз реакторларын жобалау кезінде станцияда қандай да бір апат болмау жағына қатты назар аударады. Осыған байланысты қазіргі реакторлар 50-80 жыл бұрын салынған реакторларға қарағанда әлдеқайда қауіпсіз саналады. Қазақстандық тарап жоспарланып отырған АЭС құрылысы аясында әлеуетті жобаны салу үшін келіссөздерді жалғастырып жатыр. Бірқатар шетелдік компаниялардан тиісті ұсыныстар түскен.

Жаңалықтар