8.5 C
Нарынкол
spot_img
ДомойБас тақырып | О главномАЭС-тің тарихы тереңде

АЭС-тің тарихы тереңде

Жалпы радиоактивтілік ұғымын ашқын француз физигі Анри Беккерель еді. Әлемдегі алғашқы атом электр станциясы 1948 жылы академик Игорь Васильевич Курчатовтың бастамасымен басталған бейбіт атомдарды дамыту бағдарламасы аясында Кеңес Одағында құрылды. Сол себептен де, И.Курчатовты “КСРО атом бомбасының атасы” деп атау қалыптасып кеткен. Бұл құрылымның басты бағыты- электр энергиясын алу болды. Кеңес Одағы ғалымдары атом электр станциясын бейбіт пайдалану мақсатта жоспарларын құра бастады. Мұндағы “бейбіт“ сөзіне мән берген абзал. Осылайша, 1948 жылы И.В.Курчатовтың ұсынысымен және Бүкілодақтық коммунистік партия мен үкіметтің нұсқауына сәйкес, электр энергиясын өндіру үшін атом энергиясын іс жүзінде пайдалану бойынша алғашқы жұмыстар басталып кетті. 1948 жылдың 3 қыркүйегінде Америка Құрама Штаттарында алғаш рет X-10 графит реакторынан алынған электр энергиясын пайдалана отырып, электр құрылғыларын қуаттандыру мүмкін болды. 1950 жылы мамырда Калуга облысында орналасқан Обнинск қаласында Обнинск атом электр станциясының құрылысы басталды. Дәл осылайша, тәжірибеден өткен атом электр станциясының тиімділігін әлем елдері болашақ жоспарларына қоса бастады. КСРО-дан тыс жерде 1956 жылы Калдер Холлда (Ұлыбритания) қуаттылығы 49 МВт бірінші өнеркәсіптік атом электр станциясы іске қосылды. Бір жылдан кейін АҚШ-та қуаты 60 МВт Шипингпорт атом электр станциясы іске қосылды. Франция 1959 жылы, Германия 1961 жылы, Канада 1962 жылы, Швеция 1964 жылы, Жапония 1966 жылы алғашқы атом электр станциясын іске қосты. 1979 жылы Three Mile Island атом электр станциясында ауыр апат болды, содан кейін АҚШ біртіндеп ядролық реакторлар салуды тоқтатты.

Жаңалықтар