13.9 C
Нарынкол
spot_img
ДомойЖаңалықтар | НовостиАлматы облысында «Алаяқтыққа жол жоқ» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде

Алматы облысында «Алаяқтыққа жол жоқ» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде

Ағымдағы жылдың 12-30 маусым аралығында Алматы облысында «Алаяқтыққа жол жоқ» атты кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шара өтуде. Бұл шара туралы Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар ақпараттық алаңында «Алаяқтыққа жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы туралы баспасөз мәслихаты өтті.Облыстық Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Кеңесханұлы Нұржанның хабарлауынша, шараның мақсаты – азаматтардың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыру, алаяқтықтың алдын алу.Жыл басынан бері облыста 550 интернет-алаяқтық фактісі тіркеліп, 131 қылмыстық іс аяқталды, оның 114-і сотқа жолданды. Ең көп тараған алаяқтық түрлері — банк қызметкері ретінде алдау, онлайн саудадағы және инвестициялық жалған ұсыныстар, сондай-ақ әлеуметтік көмек пен несие сылтаулары.Алдын алу аясында 15 ақпараттық акция өткізіліп, 25 000 парақша таратылды, 11 билборд пен LED-экран орнатылды. 120 мектеп, 3 колледж және университетте кибергигиена бойынша сабақтар жүргізілді,10 мақала, әлеуметтік желілерде 30-дан астам бейнеролик пен үндеу жарияланды.Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының орынбасары Сайлаухан Қуаныштың айтуынша, қазіргі кезде интернет-алаяқтықтың бірнеше жаңа түрі белең алуда.1. Банктік алаяқтық – жалған қоңырау арқылы азаматтарды қорқытып, жеке деректерін алу; 2. Онлайн саудадағы алаяқтық – жалған парақшалар арқылы алдын ала төлем сұрау; 3. Жалған инвестициялар – фейк жарнамалармен алдау; 4. Дипфейк технологиясы арқылы алдау – «туыс» немесе «басшы» атынан ақша сұрау; 5. Фишинг – жалған сілтемелер арқылы логин, құпия сөз ұрлау.Алматы облысының Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырып, күмәнді жағдай туындаса, бірден «102» нөміріне хабарласуды ескертеді.

Жаңалықтар