Нұрмұханбетов Бақытжан Тұрысбекұлы 01 қараша 1964 жылы Райымбек ауданы, Көмірші ауылында дүниеге келген. 1981 -1986 жылдары Қазақтың Еңбек қызыл ту орденді ауылшаруашылық институтының агрономия факультетінде оқыды.Еңбек жолын 1986 жылы Тегістік ауылында агроном болып бастап,1995 жылға дейін Абай атындағы картоп совхозында бас агроном қызметін атқарды.1995 жылдан бастап қазіргі таңға дейін «Әміржан» жеке шаруа қожалығының төрағасы.