-3.3 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпаратКөрісу күні Райымбек ауданында ерекше аталып өтті

Көрісу күні Райымбек ауданында ерекше аталып өтті

Бүгін Райымбек ауданында Көрісу күніне арналған мерекелік шара өтті. Іс-шараға аудан әкімі және орынбасарлары, сондай-ақ “AMANAT” партиясының Райымбек аудандық филиалының төрағасы Арипова Гулнара Рауанқызы қатысты.

Көрісу күні – халықты бірлік пен татулыққа үндейтін, ата-баба дәстүрін дәріптейтін ерекше мейрам. Бұл күні жұрт бір-біріне ізгі тілектерін арнап, үлкендерге құрмет көрсетіп, амандық-саулық тілейді.

Мерекелік шара барысында аудан тұрғындары бір-бірімен құшақ жайып көрісіп, ұлттық салт-дәстүрді ұлықтады. Сонымен қатар, жиналған көпшілікке арнап арнайы бағдарламалар ұйымдастырылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.

Көрісу күні – тек амандасу ғана емес, өткенді саралап, болашаққа бағдар жасайтын, достық пен бауырмалдықты нығайтатын күн. Осындай игі дәстүріміздің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуы – баршамыз үшін маңызды.

Баршаңызды осы шуақты мерекемен құттықтаймыз! Ұлт бірлігі мен берекесі арта берсін!

Жаңалықтар