-5.3 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпаратМЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР БАС ҚОСТЫ

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР БАС ҚОСТЫ

Көктемнің шұғылалы мерекесі қарсаңында аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы аудандағы іскер әйелдерді 8 наурызХалықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Іскер әйелдер басқосуына  бір қауым  нәзік жандылар жиналды. Бұл ауданымыздағы  іскер әйелдердің  біршама екендігін көрсетті. Отбасылық міндеттерімен қатар, түрлі салада бағын сынап, кәсібінің нәсібін көріп жүрген қыз-келіншектердің көптігі қуантады.

Кездесу барысында аудан басшысы нәзік жандылардың қоғамдағы, әсіресе кәсіпкерлік саласындағы рөлін ерекше атап өтіп, олардың аудан экономикасының дамуына қосып жатқан үлесіне жоғары баға берді. Сонымен қатар, кәсіпкер әйелдердің жетістіктерін мақтан тұтатынын айтып, алдағы бастамаларына сәттілік  тіледі.

Аудан экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан кәсіпкерлер мен сала мамандары аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, Кәсіпкерлік бөлімі өз марапаттарын табыстады. Жас кәсіпкерлер де назардан тыс қалмай, Жастар ресурстық орталығы дайындаған алғыс хаттарға ие болды. Бұл марапаттарды Кәсіпкерлер палатасының Райымбек аудандық филиалының директоры салтанатты түрде табыс етті.

Шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына Райымбек аудандық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Бекдәулет Іңкәр Бекдәулетқызы және әр ауылдан сайланған Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері ерекше үлес қосты.

Шарағадемеушілік көмек ретінде сыйлыққа сертификаттар беру арқылы қуаныш сыйлаған кәсіпкерлерге алғыс айтамыз!

Осындай игі бастамалар нәзік жандылардың еңбегін бағалап, олардың кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау білдіруге ықпал ететіні сөзсіз.

Басқосу кеші ерекше көңілді өтті.  Кешті тізгіндеген Байжұма Медет жиынның жоғары дәрежеде өтуіне зор ықпал етті. Аруларға түрлі сыйлықтар сыйланып, көңілді ойындар ойнатылды. Қыруар шаруадан қолы босамай жүрген арулардың жан дүниесі ерекше қуанышқа бөленіп, жақсы бір жылы кеште қонақ болды. Мұндай  игі бастама кәсіпкер арулар үшін аса маңызды. Іс-шара соңы жылы шырайлы әңгіме мен мерекелік дастарханға ұласты.

«ХАНТӘҢІРІ»

Жаңалықтар