Қоғамдық тыныштық – адамдардың қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруінің маңызды шарты. Түнгі уақытта қатты музыка қою, тұрғындардың демалысына кедергі келтіру, қоғамдық орындарда тәртіп бұзу секілді әрекеттер кейде қалыпты жағдайдай қабылданады. Алайда мұның барлығы өзге адамдардың тыныштығы мен демалу құқығына әсер етеді. Ортақ кеңістікте өмір сүрген соң, әр адам айналасындағылардың мүддесін ескеруі қажет. Тәртіпті сақтау айыппұлдан қорқудан емес, өзгеге құрметпен қараудан басталуы тиіс.
Тыныштықты сақтау – әр азаматтың міндеті

