Отбасы – адам үшін қауіпсіздік пен мейірімнің мекені болуы тиіс. Алайда тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан кейбір шаңырақта тыныштық бұзылып, жақын адамдардың құқығы мен қадір-қасиетіне нұқсан келеді. Зорлық тек дене жарақатын салумен шектелмейді. Психологиялық қысым көрсету, қорқыту, кемсіту және экономикалық шектеу де адам құқығын бұзу болып саналады. Мұндай жағдайларға үнсіз төзу мәселені шешпейді. Әрбір азамат өз құқығын біліп, қауіп төнген жағдайда тиісті органдардан көмек сұрауы қажет. Отбасындағы сыйластық күш көрсетумен емес, өзара түсіністікпен қалыптасады.

