Баланың дүниетанымы ең алдымен отбасындағы тәрбиеден қалыптасады. Үлкендердің күнделікті іс-әрекеті, өмір салты мен мінез-құлқы жас ұрпаққа тікелей әсер етеді. Егер отбасында ішімдік қалыпты құбылыс ретінде қабылданса, бала да мұндай әдетке бейімделуі мүмкін. Сондықтан алкогольге қарсы күрес тек түсіндіру жұмыстарымен шектелмеуі керек. Отбасындағы өнегелі тәрбие, спорт пен мәдени шараларға қатысу, жастарға үлгі болатын ортаны қалыптастырудың маңызы зор. Ішімдіксіз өмір салтын насихаттау – дені сау ұрпақ пен берекелі қоғамның негізі.
Ішімдіксіз орта – қауіпсіз болашақ

