Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қоғамда әлі де өзекті болуының бір себебі – кейбір жәбірленушілердің жағдайын жария етуден қорқуы. «Отбасының ішкі мәселесі» деген түсінікпен зорлық әрекеттерін жасыру оның қайталануына жол ашуы мүмкін. Ал адамның өмірі мен қауіпсіздігі кез келген қоғамдық көзқарастан жоғары тұруы тиіс. Зорлық-зомбылыққа тап болған азаматтарды кінәлау емес, қолдау көрсету маңызды. Құқықтық қорғау тетіктерін пайдалану, дер кезінде көмекке жүгіну – қауіптің алдын алудың маңызды жолы. Үнсіздік зорлықты тоқтатпайды, ал батыл қадам адам өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Зорлықты жасыру – мәселені шешпейді

