Интернет алаяқтары көбіне техникалық білімнен бұрын адамның психологиясын пайдаланады. Бірі өзін банк қызметкері ретінде таныстырса, енді бірі полиция немесе мемлекеттік мекеме атынан хабарласып, азаматты асығыс шешім қабылдауға итермелейді. «Шотыңызға қауіп төніп тұр», «Ақшаңызды қауіпсіз шотқа аударыңыз» деген сөздер – алаяқтықтың жиі кездесетін белгілері. Ешбір жағдайда телефон арқылы келген адамның талабымен ақша аударуға немесе құпия кодтарды айтуға болмайды. Күмән туындаса, байланысты тоқтатып, банктің ресми нөміріне өзіңіз хабарласқан дұрыс. Қаржыны қорғаудың ең сенімді жолы – асықпау және ақпаратты тексеру.
Алаяқтың қаруы – адамның сенімі

