Домойhantengrigazeti.kz ақпаратМеншікке қол сұғу – заңға қайшы әрекет

Меншікке қол сұғу – заңға қайшы әрекет


Жеке меншік – азаматтың заңмен қорғалатын негізгі құқықтарының бірі. Әр адамның өз еңбегімен жинаған мүлкіне иелік етуі, оны пайдаланып, еркін билік етуі заң аясында қамтамасыз етіледі. Алайда бөтеннің мүлкін иемдену, бүлдіру немесе заңсыз пайдалану қоғамдағы сенімге нұқсан келтіреді. Меншік құқығын қорғау тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, әр азаматтың да заң талаптарын құрметтеуінен басталады. Өзгенің мүлкіне құрметпен қарау – құқықтық мәдениеттің маңызды өлшемі.

Жаңалықтар