Қазіргі интернет кеңістігінде алаяқтықтың түрі көбейіп, қылмыскерлер азаматтардың сенімін пайдаланып, түрлі айлаға көшкен. Жалған ұтыс ойындары, күмәнді хабарламалар мен белгісіз сілтемелер арқылы жеке мәліметтерге қол жеткізу – кең таралған тәсілдердің бірі. Әсіресе «Сіз сыйлық ұтып алдыңыз» немесе «Шотыңыз бұғатталды» деген хабарламаларға сақтықпен қарау қажет. Белгісіз сілтемені ашпау, банк картасының деректерін ешкімге бермеу – қаржылық қауіпсіздіктің қарапайым қағидалары. Интернетте әрбір басқан батырманың артында қауіп болуы мүмкін екенін ұмытпаған жөн.
Бір сілтеме – бір сәттік өкініш

