Қоғамдық қауіпсіздік тек құқық қорғау органдарының жұмысына байланысты емес. Ол әр азаматтың күнделікті әрекеті мен айналасына деген жауапкершілігінен басталады. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, күмәнді жағдайларға бейжай қарамау, заңсыз әрекеттер туралы тиісті орындарға хабарлау – қауіпсіз ортаны қалыптастырудың маңызды тетіктері. Әсіресе адам көп шоғырланатын орындарда өзара құрмет пен сақтықтың маңызы зор. Қауіпсіздік – біреудің міндеті емес, баршамызға ортақ құндылық.
Қауіпсіз қоғам – ортақ жауапкершілік

