Жемқорлықты тек пара алу немесе пара берумен байланыстыру жеткіліксіз. Оның тамыры кейде таныстықты заңнан жоғары қоюдан, қызметтік мүмкіндікті жеке пайдаға пайдаланудан басталады. Мұндай көзқарас қоғамдағы әділ бәсекені әлсіретіп, азаматтардың мемлекеттік жүйеге деген сеніміне нұқсан келтіреді. Сондықтан жемқорлыққа қарсы мәдениет әр адамның күнделікті таңдауынан қалыптасады. Әділдікке негізделген қоғамда ешкімнің заңнан жоғары тұруына жол берілмеуі тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес санадан басталады

