Көше шамы, аялдама, балалар алаңы, саябақ пен спорт алаңдары – барша тұрғынның игілігіне арналған ортақ мүлік. Оны бүлдіру немесе күтіп ұстауға немқұрайлы қарау – өз ортасына зиян келтірумен тең. Қоғамдық мүлікті қорғау тек айыппұлдан қорқумен өлшенбеуі керек. Әр азамат ортақ дүниеге өзінің жеке мүлкіндей жанашырлық танытқанда ғана елді мекеннің келбеті жақсарады. Тәртіп – талаптан ғана емес, ортақ дүниеге деген құрметтен қалыптасады.
Қоғамдық мүлік – ортақ жауапкершілік

