Экологиялық тәртіпті сақтау тек сенбілік өткізу немесе қоқыс жинаумен шектелмейді. Өзенге қалдық төгу, жайылымды бүлдіру, орманды заңсыз кесу – келешек ұрпақтың игілігіне зиян келтіретін әрекеттер. Табиғатқа келтірілген залалдың зардабы бір күнмен шектелмейді. Сондықтан экологиялық мәдениет заң талаптарын орындаумен қатар, әр адамның ішкі жауапкершілігіне айналуы керек. Таза орта – тәртіпті қоғамның белгісі.
Табиғатты қорғау да – азаматтық жауапкершілік

