Қоғамдық қауіпсіздік тек полиция қызметінің нәтижесімен өлшенбейді. Ол тұрғындардың бір-біріне деген құрметінен, қоғамдық орындардағы тәртібінен және ортақ кеңістікке жауапкершілікпен қарауынан қалыптасады. Көшедегі жанжалға жол бермеу, қоғамдық орында өзгенің тыныштығын бұзбау, күмәнді жағдайларға бейжай қарамау – қауіпсіз ортаның қарапайым қағидалары. Әр тұрғын өз әрекетінің айналасына әсер ететінін түсінгенде ғана қоғамдық тәртіп тұрақты сипат алады.
Қауіпсіз көше – мәдениетті қоғамның көрсеткіші

