Елімізде интернетті пайдаланушылар үлесі халықтың 95%-дан астамын құрайды. Ауқымды мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде 2 600-ден астам ауылдық елді мекен жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылса, қалған ауылдарды желіге қосу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, еліміздің барлық ірі қалаларында 5G байланыс желісінің инфрақұрылымын 100 пайызға жеткізу бойынша жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.

