Ақпарат ағыны күшейіп, жасанды интеллект күнделікті өмірге дендеп енген заманда адамның білімді өздігінен іздеп, ақпаратты дұрыс бағалай білуі ерекше маңызға ие. Осындай кезеңде кітап оқудың мәні бұрынғыдан да арта түседі. Себебі кітап адамның сөздік қорын байытып қана қоймай, терең ойлауына, мәселені жан-жақты қарастыруына және саналы шешім қабылдауына ықпал етеді.
Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан «Кітап оқитын ұлт» жобасының негізгі мақсаты да – кітапты күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдырып, елдің зияткерлік әлеуетін нығайту. Жоба аясында оқырмандарға арналған әдебиеттер тізімі ұсынылып, қатысушылардың жүйелі түрде кітап оқуына жағдай жасалған.
Кітап оқу – заман талабына сай ойлаудың кілті

