Мемлекеттің қуаты тек экономикалық көрсеткіштермен немесе жаңа технологиялармен өлшенбейді. Оның берік негізі – заңға құрметпен қарайтын, қоғамдық жауапкершілікті сезінетін азаматтар мен тиімді жұмыс істейтін мемлекеттік институттар. Президенттің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында осы ұстанымның маңызы айқын көрініс тапты.
Мемлекет басшысы қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және «Адал азамат» идеясын күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыруға назар аударды.

