Президент Жолдауында еліміздің жаңа тарихи кезеңдегі даму бағдарын айқындайтын маңызды міндеттер белгіленді. Соның ішінде инфрақұрылымды жаңғыртуға, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін арттыруға және өңірлердің әлеуетін нығайтуға басымдық берілуі айрықша мәнге ие.
Мемлекет басшысы ұсынған 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау бастамасы елді мекендердің келбетін жаңартуға, жолдар мен инженерлік желілерді жақсартуға, білім беру және денсаулық сақтау нысандарын дамытуға бағытталған. Бұл бастамалардың маңызы әсіресе ауыл тұрғындары үшін зор. Өйткені сапалы жол, қолжетімді медицина, заманауи мектеп пен тұрақты инфрақұрылым – халықтың тұрмыс сапасын айқындайтын негізгі факторлар.

