Отбасы – адамның өзін қорғалған әрі қадірлі сезінуі тиіс ортасы. Алайда тұрмыстық зорлық-зомбылық бұл құндылықтың мәніне қайшы келіп, адамның денсаулығы мен психологиялық жағдайына ауыр зиян келтіреді. Зорлық-зомбылықтың физикалық әрекетпен ғана шектелмейтінін де ескерген жөн. Қорқыту, кемсіту, психологиялық қысым көрсету де адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді. Мұндай жағдайларды жасыру мәселені шешпейді. Керісінше, жәбірленушіге қолдау көрсету және тиісті органдарға жүгіну маңызды.
Отбасындағы қауіпсіздік – қоғам тыныштығының негізі

