Қоғамдық қауіпсіздік ұғымы тек қылмыстың болмауымен өлшенбейді. Ол – тұрғындардың өзін еркін сезінуі, көшеде алаңсыз жүруі, балалардың қауіпсіз ортада өсуі және қоғамдық тәртіптің сақталуы. Мұндай ортаны қалыптастыруда құқық қорғау органдарының қызметімен қатар тұрғындардың азаматтық белсенділігі де маңызды. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, құқықбұзушылыққа бейжай қарамау және өзара құрмет таныту қауіпсіздіктің берік негізін қалайды.
Қауіпсіз қоғам – әр азаматтың таңдауы

