Бұл мәселені шешуде құқық қорғау органдарының жұмысы ғана емес, алдын алу шаралары да маңызды. Жастарға есірткінің зияны туралы шынайы ақпарат беру, күмәнді ұсыныстардан сақтандыру және салауатты өмір салтын насихаттау қажет. Әр отбасы баласының тәрбиесіне көңіл бөліп, оның бос уақытын тиімді ұйымдастыруына қолдау көрсеткені жөн.

