Адам организміне түскен этанол (спирт) уақыт өте келе зат алмасу процесіне сіңісіп кетеді. Бастапқыда көңіл-күйді көтеру үшін ішілген сусын кейіннен ағзаның қалыпты жұмыс істеуі үшін «қажетті» шикізатқа айналады. Физикалық тәуелділік қалыптасқан соң, ішімдікті кенеттен тоқтату абстиненция синдромына (похмелье) әкеледі. Бұл кезде адам қатты физикалық ауырсынуды, дірілді және жүрек соғысының жиілеуін сезінеді.

