Заңға бағынуды кейде адамның еркіндігін шектеу ретінде қабылдайтын түсінік кездеседі. Алайда құқықтық тәртіптің мәні – азаматты шектеу емес, әр адамның еркіндігі өзгелердің құқығына нұқсан келтірмейтін орта қалыптастыру.
Қоғамда әркім өз қалауымен ғана әрекет етсе, ортақ мүдде мен жеке мүдде арасында қайшылық туындауы мүмкін. Осы тұста заң баршаға ортақ шекараны белгілеп, азаматтардың өзара қарым-қатынасын реттейді.
Мәселен, бір адамның әрекеті екінші адамның тыныштығына, қауіпсіздігіне немесе мүлкіне зиян келтірмеуі керек. Мұндай талаптар еркіндікті жоққа шығармайды, керісінше, баршаға бірдей мүмкіндік береді.
Заңға бағыну – әлсіздік емес, саналы таңдау

