Достық пен бірлік — мемлекет дамуының кепіліҚазіргі жаһандық саяси және экономикалық тұрақсыздық кезеңінде кез келген мемлекет үшін ең үлкен құндылық — ішкі бірлік пен қоғамдық келісім. Қазақстан тарихтың небір күрделі кезеңдерінде өзінің этносаралық татулық моделін сақтап қана қоймай, оны мемлекеттіліктің негізгі тірегіне айналдыра білді. Достық пен бірлік — жай ғана ұран сөздер емес, бұл — еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты формуласы.

