2026 жылғы 29 қарашада ҚазақстанРеспубликасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.
Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтықбөліністегі халықтың еркін білдіретін және оны іске асыру қажетті шараларды белгілейтін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуынбақылайтын жергілікті өкілді органдар.
Мәслихаттар депутаттарының өкілеттік мерзімі– бес жыл.
Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, теңтөте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
Қазақстан Республикасының 20 жасқа толғаназаматы мәслихат депутаты бола алады.
Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынанайыру орындарында отырған азаматтардың;
сотталғандығы заңмен белгіленген тәртіппенөтелмеген немесе алып тасталмаған адамның;
сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайласжемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адамныңсайлануға құқығы жоқ.
Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутаттардың жартысы, екінші жартысы — бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.
Аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.
Мәслихаттар депутаттығына:
— партиялық тізімдер бойынша сайланатынкандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға;
— бірмандаттық аумақтық сайлау округтербойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне)және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.
Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.
Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.
Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

