Мемлекет басшысының халыққа арналған Жолдаулары мен стратегиялық тапсырмалары елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуының басым бағыттарын айқындауға бағытталған. Онда халықтың әл-ауқатын арттыру, экономиканы дамыту, білім мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету секілді маңызды міндеттер қамтылады. Президент Жарлықтары мен тапсырмалары мемлекеттік органдар жұмысының негізгі бағыттарын нақтылауға ықпал етеді. Қойылған міндеттердің нәтижелі орындалуы олардың жергілікті деңгейде жүзеге асуына тікелей байланысты. Сондықтан әр өңірде мемлекеттік бағдарламалар мен тапсырмалардың орындалуы жүйелі түрде ұйымдастырылып, нақты нәтижеге бағытталуы қажет. Бұл – ел дамуының ортақ мақсаты.

