Баланың заңға және тәртіпке деген көзқарасы ең алдымен отбасында қалыптасады. Үлкендердің ережені сақтауы, өзгенің құқығын құрметтеуі, жауапкершілікпен әрекет етуі – балаға берілетін маңызды үлгі. Заңды құрметтейтін ұрпақ қалыптастыру үшін құқықтық тәрбиені ерте жастан бастау қажет.

