Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау – әр азаматтың міндеті. Былапыт сөйлеу, адамдардың тыныштығын бұзу, ортақ пайдаланылатын орындарды немесе мүлікті бүлдіру қоғамдық тәртіпке кері әсер етеді.
Қазақстан заңнамасында ұсақ бұзақылық қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиісу және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін басқа да әрекеттер арқылы қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзу ретінде қарастырылады.
Ал вандализм қоғамдық нысандарға, ортақ мүлікке немесе қоршаған ортаға қасақана зиян келтірумен байланысты. Мұндай әрекеттер материалдық шығын келтіріп қана қоймай, елді мекеннің көркіне де кері әсер етеді.
Қоғамдық мүлік – баршаға ортақ игілік. Сондықтан саябақтағы орындықты, аялдаманы, ғимаратты немесе басқа нысанды бүлдіру – өзгелердің еңбегі мен қаражатына құрметсіздік.
Тәртіп пен тазалық әр адамның күнделікті мәдениетінен басталады.

