Интернет мүмкіндіктері кеңейген сайын киберқауіпсіздік мәселесі де өзекті болып отыр. Алаяқтар жалған интернет-дүкендер, әлеуметтік желілер және банк қызметкерлерінің атын пайдалану арқылы азаматтарды алдауға тырысады.
Ең басты қауіптердің бірі – жеке мәліметтердің бөгде адамдардың қолына түсуі. Сондықтан банк картасының деректерін, SMS арқылы келген кодтарды, құпия сөздерді ешкімге бермеу қажет. Күмәнді сілтемелерге өтуден және белгісіз қосымшаларды жүктеуден де сақ болған жөн.
Алматы облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Полиция азаматтарға күмәнді жағдайда қаржылық операция жасамауға және құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береді.
Егер алаяқтыққа тап болсаңыз, банк картасын немесе шотты дереу бұғаттап, полицияға хабарласу және хат алмасу, қоңыраулар мен басқа да дәлелдерді сақтау маңызды.
Цифрлық қауіпсіздік – әр азаматтың жеке жауапкершілігінен басталады.

