Домойhantengrigazeti.kz ақпаратНашақорлық – ұлт болашағына төнген қауіп

Нашақорлық – ұлт болашағына төнген қауіп

Нашақорлық – адамның денсаулығы мен әлеуметтік жағдайына ауыр салдар әкелуі мүмкін тәуелділік түрі. Есірткінің заңсыз айналымы қоғамдық қауіпсіздікке де қатер төндіреді. Сондықтан оның алдын алу тұрақты әрі жүйелі жұмысты қажет етеді.

Қазақстанда нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданған. Оның негізгі бағыттарының қатарында қоғамдағы есірткілену деңгейін төмендету, жастарды қорғау және есірткінің қолжетімділігін қысқарту бар.

Алдын алу ең алдымен жас ұрпақпен жүргізілетін түсіндіру жұмыстарынан басталады. Спорт, шығармашылық, білім және қоғамдық белсенділік жастардың уақытын пайдалы өткізуіне мүмкіндік береді.

Ата-ананың бала тәрбиесіне көңіл бөлуі де маңызды. Жасөспірімнің ортасын, қызығушылығын және психологиялық жағдайын назарда ұстау көптеген қауіптің алдын алуға көмектеседі.

Нашақорлықпен күрес – тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Бұл – отбасы мен қоғамның ортақ жауапкершілігін талап ететін мәселе.

Жаңалықтар