Домойhantengrigazeti.kz ақпаратМемлекет басшысының тапсырмалары – ел дамуының бағыты

Мемлекет басшысының тапсырмалары – ел дамуының бағыты

Мемлекеттің ұзақ мерзімді даму бағыттары Президенттің Жолдауларында, Жарлықтары мен тапсырмаларында айқындалады. Бұл құжаттарда экономиканы дамыту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, заң үстемдігін нығайту, әлеуметтік саланы жетілдіру және жаңа технологияларды енгізу сияқты маңызды міндеттер қамтылады.

2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен цифрлық трансформацияға ерекше мән беріп, Қазақстанды үш жыл ішінде толыққанды цифрлық елге айналдыру міндетін атады.

Президент тапсырмаларының нәтижесі олардың нақты орындалуынан көрінеді. Осыған байланысты мемлекеттік органдардың жұмысы халықтың сұранысына жауап беріп, қабылданған шешімдердің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.

Мемлекеттік саясаттағы басты міндеттердің бірі – ел дамуының стратегиялық мақсаттарын нақты істермен ұштастыру. Бұл үдерісте қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық байланыс пен өзара жауапкершіліктің маңызы зор.

Жаңалықтар