Құқықтық мәдениет адамның өз құқығы мен міндетін білуінен басталады. Азамат заңды жақсы білген сайын күнделікті өмірде түрлі даулы жағдайлардың алдын алып, өз мәселесін заң аясында шеше алады.
Қоғамдық тәртіпті сақтау қарапайым әрекеттерден көрінеді. Жол ережесін орындау, қоғамдық орындарда тыныштық сақтау, бөтеннің мүлкіне зиян келтірмеу және өзге азаматтардың ар-намысына құрметпен қарау – құқықтық мәдениеттің нақты белгілері.
Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарда түсіндіру шараларының маңызы зор. Әсіресе жастар арасында заң талаптарын түсіндіру, жауапкершілікті сезіндіру және бос уақытты тиімді ұйымдастыру қажет.
2026 жылы күшіне енген «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» заң құқық бұзушылықтың себептері мен жағдайларын анықтап, алдын алу тетіктерін жетілдіруге бағытталған.
Тәртіп – тек талап емес, әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі.

