Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басты шарттарының бірі – заңға құрметпен қарап, белгіленген тәртіпті сақтау. Заң мен тәртіп қағидаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.
2026 жылғы 2 наурыздан бастап «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» жаңа заң күшіне енді. Құжаттың негізгі мақсаты – құқық бұзушылыққа алып келетін себептер мен жағдайларды анықтап, олардың алдын алу жүйесін жетілдіру.
Заң талаптарын орындау тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Әр азамат қоғамдық орында тәртіп сақтап, өзгенің құқығы мен мүлкіне құрметпен қарауы қажет.
Заң үстемдігі орныққан жерде азаматтардың өзара сенімі де артады. Сондықтан заңды білу, сақтау және өзгелердің құқықтарына құрметпен қарау – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың маңызды негізі.

