Цифрлық мемлекет – жаңа мүмкіндіктер кеңістігі
Бүгінде цифрлық технологиялар қоғам өмірінің барлық саласына еніп, мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін де жаңа деңгейге көтеруде. Цифрлық трансформацияның негізгі мақсаты – азаматтарға қажетті қызметтерді жылдам, қолжетімді әрі тиімді ұсыну.
Электронды үкімет жүйесі арқылы тұрғындар көптеген анықтама мен мемлекеттік қызметті үйден шықпай-ақ ала алады. Бұл уақытты үнемдеп қана қоймай, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Алайда цифрландырумен бірге ақпараттық қауіпсіздік мәселесі де өзекті бола түсті. Жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерді ашпау, бейтаныс қосымшаларды жүктемеу – әр азаматтың цифрлық сауаттылығының көрсеткіші.
Цифрлық мемлекет – тек технология емес, ол жауапкершілік пен қауіпсіздікті талап ететін жаңа қоғамдық орта.

