Қоғамдық тәртіпті сақтау – барлық азаматқа ортақ міндет. Көшеде балағат сөз айту, айналадағы адамдардың тыныштығын бұзу, қоғамдық орындарда әдепсіз әрекет жасау сияқты ұсақ құқық бұзушылықтар қоғамдағы тәртіпке кері әсер етеді.
Кей жағдайда адам өз әрекетін «болмашы нәрсе» деп қабылдауы мүмкін. Алайда кез келген құқық бұзушылықтың қоғамдағы қауіпсіздік пен өзара сыйластыққа әсері бар.
Қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау, айналадағы адамдардың құқығын құрметтеу – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Әсіресе жастарға құқықтық тәрбие беру арқылы құқық бұзушылықтың алдын алуға болады.
Заң талаптарын білу және сақтау – жазадан қорғанудың ғана емес, өркениетті қоғам құрудың негізі. Әр адам өз әрекетіне жауапкершілікпен қараса, қоғамдық орта да тыныш әрі қауіпсіз бола түседі.

