Домойhantengrigazeti.kz ақпаратҚұқықтық мәдениет – тәртіпті қоғамның тірегі

Құқықтық мәдениет – тәртіпті қоғамның тірегі

Қоғамдағы тәртіп тек құқық қорғау органдарының қызметіне байланысты емес. Ол әр азаматтың заң талаптарын орындауы мен қоғамдық ортадағы жауапкершілігінен қалыптасады. Осы тұрғыдан алғанда құқықтық мәдениетті арттырудың маңызы ерекше.

Адам өз құқығын білгенде ғана заңсыз әрекетке тап болған жағдайда дұрыс шешім қабылдай алады. Сонымен бірге құқықпен қатар міндеттің де бар екенін түсіну маңызды. Өзгенің ар-намысына, мүлкіне және қауіпсіздігіне құрметпен қарау – азаматтық жауапкершіліктің белгісі.

Жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың салдарын түсіндіру және салауатты қоғамдық орта қалыптастыру – алдын алу жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі.

«Заң мен тәртіп» қағидаты күнделікті өмірден басталады. Жол ережесін сақтау, қоғамдық орында тәртіп бұзбау, өзгенің мүлкіне зиян келтірмеу сияқты қарапайым әрекеттердің өзі қоғамдағы жалпы тәртіпке әсер етеді. Тәртіпті қоғам әр азаматтың жауапкершілігінен құралады.

Жаңалықтар