Домойhantengrigazeti.kz ақпаратЗаң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі

Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басты кепілі – заңға құрмет және тәртіпті сақтау. Мемлекет басшысының Жолдауларында да заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мәселелеріне ерекше мән беріліп келеді.

Заң талаптарын сақтау тек құқық қорғау органдарының емес, әр азаматтың ортақ міндеті. Өз құқығын білумен қатар, өзгенің құқығына құрметпен қарау – құқықтық мәдениеттің маңызды белгісі.

Мемлекет қабылдаған заңдар мен тапсырмалардың түпкі мақсаты – халықтың қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруіне жағдай жасау. Сондықтан заңды білу, оны орындау және қоғам тыныштығына жауапкершілікпен қарау әр адамның күнделікті ұстанымына айналуы қажет. Заң мен тәртіп орныққан жерде өзара сенім мен тұрақтылық та нығая түседі.

Жаңалықтар