Домойhantengrigazeti.kz ақпаратЖолдау-ел дамуының негізгі бағдары

Жолдау-ел дамуының негізгі бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық өміріндегі маңызды бағыттарды айқындайды. Жолдауларда нақты міндеттер белгіленіп, оларды жүзеге асыруға қатысты мемлекеттік органдарға тапсырмалар беріледі.

2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жариялады. Онда цифрлық трансформация, жасанды интеллектіні дамыту, экономиканы жаңғырту және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелеріне басымдық берілді. (Akorda.kz)

Жолдауда көтерілген міндеттердің орындалу барысы туралы ақпаратты халыққа жүйелі түрде жеткізу – маңызды бағыттардың бірі. Осы мақсатта атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланып, қоғамға қолжетімді түрде ұсынылады.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын нақты істермен сабақтастырып, олардың орындалуын халыққа ашық әрі түсінікті жеткізу – мемлекеттік ақпараттық жұмыстың маңызды бөлігі.

Жаңалықтар