«Таза Қазақстан» бастамасы аясында қоршаған ортаны абаттандыру, табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.
Таза аула мен көрікті көше – әр азаматтың ортақ іске қосқан үлесінің нәтижесі. Айналаны таза ұстау, қоқысты арнайы орындарға тастау, тал егіп, табиғатты аялау – туған жерге деген жанашырлықтың көрінісі.
Бүгінгі тазалық – ертеңгі ұрпаққа қалдырар жарқын болашақтың негізі.
Табиғатты бірге қорғайық! Туған өлкемізді бірге көркейтейік! Таза Қазақстанды бірге жасайық! 🌱
#ТазаҚазақстан #ТазаБолашақ #Экология #ТабиғаттыАялайық #ТуғанЖер #БіргеТазалыққа

