Отбасы – әр адам өзін қауіпсіз әрі еркін сезінуі тиіс қасиетті орта. Алайда отбасындағы жанжалдың соңы күш көрсетуге, қорқытуға немесе психологиялық қысымға ұласатын жағдайлар да кездеседі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық – жеке отбасының мәселесі емес, қоғамның ортақ дерті.
Зорлық-зомбылық адамның денсаулығына ғана емес, оның психологиялық жағдайына да ауыр әсер етеді. Әсіресе мұндай ортада өсіп жатқан балалардың мінез-құлқы мен болашағына кері ықпал етуі мүмкін. Сондықтан зорлыққа көз жұма қарау немесе оны «отбасылық мәселе» деп жасыру дұрыс емес.
Әр азамат өз құқығын білуі және қауіп төнген жағдайда көмек сұраудан қорықпауы қажет. Зорлық-зомбылықтың алдын алуда құқық қорғау органдары, отбасы, мектеп және жалпы қоғам бірлесіп әрекет етуі маңызды.

