Қоғамдық қауіпсіздік – елдегі тұрақтылық пен азаматтардың тыныш өмір сүруінің басты шарттарының бірі. Оны қамтамасыз ету тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, әр азаматтың жауапкершілігін талап етеді.
Көшеде тәртіп сақтау, жол қозғалысы ережелерін орындау, қоғамдық орындарда өзгелердің құқығы мен тыныштығын құрметтеу – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың қарапайым талаптары. Азаматтар күдікті жағдайларға бейжай қарамай, дер кезінде тиісті қызметтерге хабарласа, көптеген келеңсіз жағдайдың алдын алуға болады.

