Домойhantengrigazeti.kz ақпаратИнтернет алаяқтық – сақтықты талап ететін қауіп

Интернет алаяқтық – сақтықты талап ететін қауіп

Цифрлық технологиялардың дамуы өмірімізді жеңілдеткенімен, интернеттегі алаяқтық әрекеттердің де көбеюіне жол ашты. Алаяқтар жалған хабарландыру, әлеуметтік желідегі парақша, телефон қоңырауы немесе түрлі сілтемелер арқылы азаматтардың жеке және қаржылық мәліметтерін иемденуге тырысады.

Кей жағдайда алаяқтар банк қызметкері, мемлекеттік орган өкілі немесе таныс адамның атынан хабарласып, шұғыл ақша аударуды талап етеді. Сондықтан бейтаныс адамдарға банк картасының нөмірін, құпия кодтарды, SMS арқылы келген кодты және басқа да жеке мәліметтерді беруге болмайды.

Күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз қосымшаларды жүктемеу және интернеттегі ұсыныстарды мұқият тексеру – қауіптің алдын алудың қарапайым жолдары.

Жаңалықтар