Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына ғана емес, оның отбасына, жұмысына және қоғамдық ортаға да кері әсер етеді. Әсіресе ішімдікке тәуелділік адамның әлеуметтік жағдайын төмендетіп, түрлі құқық бұзушылықтар мен отбасылық жанжалдарға себеп болуы мүмкін.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру – әр адамның өз қолында. Алкогольден бас тартып, спортпен шұғылдану, отбасылық құндылықтарды нығайту және бос уақытты тиімді өткізу – тәуелділіктің алдын алудың маңызды жолдары.
Араққа әуестік – бір адамның ғана емес, тұтас отбасының тағдырына әсер ететін мәселе. Сондықтан оның алдын алу – баршамызға ортақ міндет.

